TRS 2002 NEW желімі-суық вулканизацияға арналған полихлоропрен резеңке негізіндегі екі компонентті желім, TRS 1000M қатайтқышымен бірге қолданылады.Hезеңкені резеңкемен, резеңкемен шүберекті, резеңкемен металды, шүберекпен шүберекті металды шүберекпен жабыстырады. TRS 2002 NEW желімінің TRS 2002-ден басты айырмашылығы-трихлорэтиленді тетрахлорэтиленге ауыстыру- ол адам ағзасы үшін қауіпсіз, органикалық қосылыс. Трихлорэтилен сияқты тетрахлорэтилен де жанбайды және жарылмайды. TRS 2002 new желімін жерасты шахталарында немесе үй-жайларда жұмыс істегенде қолдануға болады.
Қолданылуы: резеңке матадан жасалған конвейер таспаларын жөндеу және қондыру, металл беттерін гуммирлеу, барабандарды қаптау.
Желімделетін беттерге желім қоспасын жағудың ұсынылатын технологиясы:
- резеңке / резеңке материалдар / мата: 2 қабат;
- желімді қабаты бар резеңке: 1 қабат;
- TRS Metal PRIMER праймерімен өңделген металл: 2 қабат.